Виртуалды АТС
Клиенттердің қабылданбай қалған қоңырауы болмайды: виртуалды АТС дыбысты сәлемдесуден кейін қоңырауларды бос қызметкерлерге бөледі, қоңырауды жазып алады және т.с.с. Енді бірде-бір қоңырауды өткізіп алмайсыз!
Виртуалды АТС дегеніміз не?
ВАТС — бөлек жабдықты қажет етпейтін бұлтты телефония. Клиенттердің қоңырауы қабылданбай қалғанын байқамай қалып жүрсеңіз, сізге ВАТС көмектеседі. Жүйе қоңырауды бос менеджерге өзі жібереді, егер ешкім жауап бермесе, қоңырау туралы ақпарат жоғалмайды — ол туралы SMS, пошта немесе Telegram арқылы біліп отырасыз.
Артықшылықтар
ВАТС жұмысын Altel сайтындағы жеке кабинетіңізде немесе ВАТС Altel қосымшасында реттеп отырасыз
  • Көп арналы нөмірлер
    ВАТС барлық қоңырауды қабылдап үлгереді.
  • Дыбысты сәлемдесу
    ВАТС автожауапбергіштің жазбасын қосады, қоңырауды менеджерге бағыттайды немесе хабарлама қалдыруды өтінеді.
  • Қоңырауларды бөліп бағыттау
    ВАТС қай менеджердің бос екенін анықтап, қоңырауды соған бағыттайды.
  • Қоңырауды жазу
    Қоңыраудың жазбасы базада сақталады. Жазбаны кез келген уақытта тыңдап, жұмыс барысын қадағалап, жақсарту қажет нәрселерді анықтай аласыз
  • Статистика
    Әр менеджердің қабылдаған қоңырау санын, қоңыраудың ұзақтығын, өткізіп алған қоңыраулар санын, бөлімдер бойынша есептерді, әр нөмір бойынша статистиканы қарауға болады.
  • Өткізіп алған қоңырауларды бақылау
    Менеджерлерге пошта немесе SMS арқылы өткізіп алған әр қоңырау туралы хабарлама келеді.
Сіздің жеке шотыңыз қандай көрінеді?

Мобильді қосымша

Digital Tide мобильді қосымшасында қоңыраулар тарихын қарап, олардың жазбасын тыңдап, ВАТС жұмысын реттеуге болады.

CRM жүйесімен біріктірілген
ВАТС Қазақстан мен ТМД-ның барлық ірі CRM жүйесімен біріктірілген
ВАТС тарифтері

Қызметті қосу – тегін. Ақыны пайдаланушылардың саны мен қажет қызмет түрі үшін төлейсіз. Біздің менеджерлерімізден өнімнің тегін демонұсқасын сұраңыз.

Қосымша опциялар
«Қоңырауды жазу» модулі
— Барлық кіріс және шығыс қоңырау автоматты түрде жазылады
— Барлық көлемдегі қоңыраулар жазбасы бұлтты сақтау базасында сақталады
— Жеке кабинеттегі мұрағатты 24/7 қолдануға болады
— Браузер немесе мобильді қосымша арқылы тыңдай аласыз
6 000
₸/айына
«CRM жүйесімен біріктіру» модулі
— Телефонияны CRM‑жүйелерге қосуға болады: amoCRM, Битрикс24, Altegio, 1C және т.б.
— Клиент карталары автоматты түрде жасалады және қоңыраулар тарихы сақталады
— CRM-дегі қоңыраулар туралы дерек шынайы уақыт режимінде жіберіледі
4 500
₸/айына
«Статистика мен есептер» модулі
— Менеджерлердің жұмысы мен қоңыраулар бойынша толыққанды есептер
— Басты көрсеткіштер жазылған дашбордтар
4 500
₸/айына
«Сыртқы IP-ATC қосу» модулі
— Қолданып жүрген АТС-ңіз бен ВАТС-ты бір нөмірге біріктіруге болады
— Қызметкерлердің ішкі қысқа нөмірлер бойынша бір-біріне қоңырау шалуы — тегін
— Қосылып тұрған АТС қоңыраулары жалпы қоңыраулар тарихында көрсетіледі
4 500
₸/айына
«SIP-тіркеу» модулі
— Логин мен құпиясөзді қолданып, сыртқы SIP‑АТС қосуға болады
— Белгіленген IP‑мекенжайды қажет етпейді
— Жеке кабинет арқылы тез қосыласыз
4 500
₸/айына
«Автоқоңырау» модулі
— Алдын ала түсірілген IVR-роликті немесе алдын ала жазылған/жүктелген аудиохабарламаны автоматты түрде қосады
— Нөмірлер тізімін жүктеп, неше рет қоңырау шалатыны бойынша кесте құрып, тапсырманың басымдығын белгілесеңіз — АТС клиенттердің уақыт белдеуін ескере отырып, ешкімнің қатысуынсыз хабарлама жіберіп отырады
4 500
₸/айына

Байланыс контактілеріміз
Телефон нөмірлер
636
мобильді нөмірден қоңырау шалуға арналған

+7 727 330 58 58
қалалық нөмірден қоңырау шалуға арналған

+7 708 000 06 36
WhatsApp